Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі — стандарт) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, «Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарының, Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063, «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» 2005 жылғы 23 мамырдағы № 494 қаулыларының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көші-қон полициясының бөлімшелері) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанында белгі қою болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет 16 жастан асқан Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі. 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты оларды алып жүретін адамдардың көші-қон карточкасына белгі қойылады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге міндетті.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулі мерзімдер:
1) мемлекеттік қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) мемлекеттік қызметті ұсынуға қажетті құжаттарды өткізу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) мемлекеттік қызметті ұсынуға қажетті құжаттарды өткізу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты — 30 минут;
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында www.mvdkz, сондай-ақ көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орнатылады.
10. Мемлекеттік қызмет көші-қон полициясының бөлімшелерінде аптасына алты күн, жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген санаттардың біріне жататын шетелдіктер:
1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты (осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді);
2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын;
3) бланкілерін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін тіркеу туралы өтінішті (осы заңды тұлғаның ресми бланкілерінде ресімделетін заңды тұлғалардың өтініштерін қоспағанда) ұсынады.
Қазақстан Республикасында уақытша болуы алты айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша:
1) бланкілері көші-қон полициясының бөлімшелерінде, әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аумақтық бөлімшелерінде берілетін, толтырылған екі мекен-жайлық келу парағын;
2) бланкілері көші-қон полициясының бөлімшелерінде, әділет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аумақтық бөлімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;
3) 35х45мм мөлшердегі бір фотосурет ұсынады.
13. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін бланкілер, сондай-ақ ПМ-нің интернет-ресурсына www.mvd.kz орналастырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша көші-қон полициясының бөлімшелеріне жүгінеді.
Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тіркеу туралы өтінішті қабылдайды және тіркеуді көші-қон карточкасында ресімдейді, есепке алу карточкасын толтыру журналына тіркеу туралы деректерді енгізеді және тіркеу туралы көші-қон карточкасына белгі қояды.
15. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері барлық құжаттарды алғаннан кейін бірден көші-қон карточкасына тиісті белгі қояды, ол оны ресімдеген қызметкердің қолымен және көші-қон полициясы бөлімшесінің мөрімен расталады.
Визалық мөрмен және лауазымды адамның қолымен расталған туристік топтарды тіркеу туралы мөртаңба ұжымдық тізімдердің келесі жағына басылады.
16. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері көші-қон карточкасына тіркеу туралы белгі қойылғаннан кейін дереу тіркеу мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіге хабарлайды.
17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде тапсырмау шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3. Жұмыс істеу қағидаттары
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мақсатын арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ішкі істер департаменттерінің, ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің, Ішкі істер министрлігінің жоғары тұрған басшылығына заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
22. Шағымдар жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не ішкі істер органдарының кеңселері арқылы қолма-қол жұмыс күндері сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін қабылданады.
23. Түскен шағым ішкі істер органдарының кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Ұсынылатын мемлекеттік қызметке жауапты көші-қон полициясы бөлімшелері басшыларының мекен-жайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, ІІМ-нің интернет-ресурсында: www.mvd.kz қабылдау бөлмесінің телефоны (7172)71-40-75.
ҚР Үкіметінің 2010.19.06. № 620 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша