Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 62 бұйрығы
(2012.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 108 бұйрығымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы бекітілсін.
2. «Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы» Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2010 жылғы 6 қазандағы № 319 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.