Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 1168 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен күші жойылды
«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын болу дәрежесі туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшін қолжетімді орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.
5. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.