«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

 

ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 465 Жарлығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің:

1) «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу»;

2) «Валюталық операция туралы және шетел банкіндегі шот туралы хабарламаны растау»;

3) «Валюталық операцияны тіркеу»;

4) «Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»;

5) «Бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»;

6) «Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

7) «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу»;

8) «Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын келісу»;

9) «Орталық депозитарийдің қағидалар жинағын келісу»;

10) «Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын келісу»;

11) «Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»;

12) «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу»;

13) «Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

14) «Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

15) «Жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»;

16) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.