Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 25-2-02/70 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 67-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ереже бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 265 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3340 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 7 желтоқсанда № 163-164 (788) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Ж.Ы. Омаров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Күрішбаев |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2011 жылғы 17 ақпандағы
№ 25-2-02/70 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ормандарындағы
санитарлық ереже
1. Жалпы ережелер