Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығы
(2013.26.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 19-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.С. Өжкенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.