«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен күші жойылды

 

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 225-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 1-і.

 

№ 1180

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2011 жылғы 1 сәуірдегі

№ 1180 Жарлығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2005 жылғы 3 мамырдағы

№ 1567 Жарлығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің

ар-намыс кодексі

(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.