Осы редакция 2009 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылы 18 қыркүйекте
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары
2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
3-тарау. Бастапқы материалдарға, дайындалған және жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар
6-тарау. Технологиялық бөлім. Жалпы талаптар
1. Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талап) мыс өндірісін жобалауға, құрылысын салуға, пайдалануға, қайта салуға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, тоқтатуға, жоюға қатысты қолданылады.
2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
2. Мысты алу жөніндегі өндірістің алаңы жақсы жабдықталған және таза болады. Жазғы мезгілде өту жолдары мен өту жерлеріне су себіледі, ал қысқы мезгілде мұз бен қардан тазаланады.
3. Ұйымға қарасты құрылыстар, темір жолдар, жылжымалы құрам, байланыс, темір жол көліктерінің дабылдары мен бұғаттағыштары Көлік және коммуникация министрінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келеді.
4. Тротуарлардың және автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысқан жерлерінде өту жерлері мен өту жолдары жасалынады.
Темір жолдары арқылы өту жерлері мен өту жолдарында рельстердің бастиектерімен бір деңгейдегі төсеніштер салынады және сақтандырғыш белгілерімен, белгі беру құралдарымен және қоршаулармен жабдықталады.
5. Теміржол вагондарынан материалдарды түсіру және оларға өнімді тиеу механикаландырылған.