Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 95 бұйрығы
(2021.09.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.09.03. № 103 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И.Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.