«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 Қаулысы
(2015.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.03. № 357 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.03. № 168 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.11.12. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 94-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 168 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысыменн бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
қағидалары