2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешімі
(2011.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.28.01. № 30/367 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемде:
1) кірістер - 65 382 054 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 35 034 697 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 171 722 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 522 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 30 174 113 мың теңге;
2) шығындар - 65 309 001 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 817 329 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 817 329 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 597 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 597 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 371 276 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 371 276 мың теңге.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011.28.01. № 30/367 шешімімен 2-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2011 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері мына көлемде белгіленсін:
1) Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы:
Бейнеу ауданына - 98,1 пайыз;
Қарақия ауданына - 75 пайыз;