(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.08.02 № 96 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 ақпандағы

№ 96 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған

 стратегиялық жоспары

 

Мазмұны

 

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы жағдайды талдау

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

 

 

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы - мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге, мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына, ұлттық бірлігінің нығаюына, діндердің теңдігі мен үндесуін қамтамасыз етуге, мемлекет пен азаматтық сектор әріптестігінің тиімді жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеу және тиімді іске асыру.

Мәдениет министрлігінің пайымдауы - діндердің теңдігі мен үндесуінің мызғымас қағидаттары, азаматтық бастамаларды іске асырудың тиімді тетіктері бар жалпыұлттық мәдени және тілдік орта.

 

 

2. Ағымдағы жағдайды талдау

 

1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.