«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия кұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 Қаулысы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия кұру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 288 Қаулысы
(2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 595 Қаулысымен күші жойылды

 

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған акпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін кұру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы30 наурыздағы

№ 288 қаулысымен бекітілген

 

 

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе»

интеграцияланған ақпараттық жүйесін кұру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссияның мақсаты «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.