Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 Қаулысы
(2010.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының