2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/340 шешімі
(2011.31.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75 бабынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 2091 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Ақтау қалалық мәслихатының 2011.31.01. № 39/356 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 15 073 832 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 7 944 403 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 378 088 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 421 046 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 6 330 295 мың теңге;
2) шығындар - 15 826 414 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 340 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 340 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 10 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 767 922 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 767 922 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 5 340 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 340 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 767 922 мың теңге.