Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жеке түрлерін әкелуге
2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемін (2-кезең) бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 435 Қаулысы
«Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемін (2-кезең) бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің
2011 жылғы 22 сәуірдегі
№ 435 қаулысымен
бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған
тарифтік квоталар көлемін бөлу (2-кезең)