«Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда тәуекел дәрежесін бақалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылы 8 сәуірдегі № 96 бұйрығы (күші жойылды)

Жеке кәсіпкерлік саласында тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасындағы заңнаманы сақтауда
тәуекел дәрежесін бақалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылы 8 сәуірдегі № 96 бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 239 бұйрығымен күші жойылды

 

«Тауарлық биржалар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 4-бабының 3-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3) және 4 тармақшыларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бақылау критерийлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті (А. Қазыбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Тауар биржалары саласындағы тәуекелдер дәрежесін бақылау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6267 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 366-367 (26210) жарияланған) күші жойылды деп саналсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Т.М. Сүлейменовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрінің

2011 жылғы 8 сәуірдегі

№ 96 бұйрығымен бекітілді

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.