«Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 219 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6829 тіркелген):

1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Осы бұйрықтың 2-121-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Осы бұйрықтың 122-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары бекітілсін.»;

мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес толықтырылсын;

осы бұйрыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

«12. Мемлекеттік мекеме ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормаларын пайдаланады.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2011 жылғы 27 сәуірдегі

№ 219 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2011 жылғы 24 ақпандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.