Адвокат ордерінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 165 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған адвокаттың нақты істі жүргізуіне өкілеттігін куәландыратын ордерінің нысаны бекітілсін.
2. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті:
1) осы бұйрықты ордер бланкілерін дайындау жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін, бақылауды жүзеге асыруды және олардың берілуін есепке алуды жүзеге асыру үшін, адвокаттар алқасы Төралқаларының назарына, сондай-ақ соттардың, прокуратура, анықтау және алдын ала тергеу органдарына мәлімет үшін жеткізсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т.Аманбаевқа және Қазақстан Республикасы Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И.Сексембаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.