«Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 647 Қаулысы
(2022.19.08. берілген өзгерістермен)
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен «Назарбаев Университеті» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Дербес ұйымдар) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Дербес ұйымдардың жарғыларын бекіту мен оларды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.