«Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 653 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 651 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 132 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 13 маусымдағы
№ 653 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 1406 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы жаңа базалық Ынтымақтастық туралы
келісімнің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
|
Жигалов Константин Васильевич
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
|
Қабиева Дәмегүл Нәбиқызы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыеуропалық ынтымақстастық департаменті директорының орынбасары, хатшы
|
Меркель Иоганн Давидович
| - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
|
Әбдіқазымов Қабдулкәрім Ратайұлы
| - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
|