Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы № 127 бұйрығы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 22) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 19 наурыздағы
№ 127 бұйрығымен
бекітілген
Iшкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы
1-бөлік. Корпус
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Реттеу заты, ұғымдар және терминдер
1. Осы Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағида техникалық бақылау жасауды жүзеге асырылатын ішкі суларда жүзетін кемелерді жасаудың тәртібін белгілейді.
3. Қағидада мынадай қысқартылған сөздер және ұғымдар, терминдер қолданылады:
1) авариялық ватерсызығы - бөлік (бөліктер) батуы кезінде зақымданған кеменің ватерсызығы;
2) тербеліс амплитудасы - қарқындылығы сол немесе басқа разрядты су бассейндерінде толқын биіктігімен белгіленетін тұрақсыз толқындатудағы кеменің борт жағынан тербелістің есепті шартты амплитудасы;
3) шашыранды өткізбеушілік - бақыланатын қабатқа перпендикулярлы бағыттағы су ағынын шашыратып құю кезінде кеме ішіне су кіруін алдын-алатын құрылғы сипаттамасы;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.