Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 51) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасы бекітілсін.
2. «Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 53 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 23-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 634 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау
қағидасы