(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2010.27.09 № 268 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 268 бұйрығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 543-құжат), мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Аталған құралдар оның аса қажет болғанымен асыра қолданылмайды.»;

10-тармақтың 5) тармақшасында «(қол кісендерден, резеңке таяқтан, «мойыл 10-нан» басқа)» деген сөздер алып тасталсын;

2) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық нормативтік актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-құжат):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.