«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген) (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен

бекітілген

 


«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсетулер регламентін қараңыз

 

1. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, «электрондық үкімет» www.e.gov.kz  веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

Шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңның 29-бабының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: (www.minjust.kz) «Ақпараттық материалдар» бөлімінде.

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz;

3) порталда;

4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес орталықтың үй жайында орналасқан стенділерде орналасады.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат (1414) call-орталығы телефоны арқылы ұсынылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

анықтама беру орталығында:

1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;

2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;

4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;

5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;

6) құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы анықтама беру болып табылады;

7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс-әрекеттер туралы;

8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;

9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгендері туралы;

10) заңды тұлғаның үлесіне тыйым салынғаны туралы;

уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында порталда анықтама беру:

1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;

2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;

3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;

4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;

5) заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы;

6) құрылатын заңды тұлғаның атауының тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы;

7) заңды тұлғаның барлық тіркеу іс әрекеттер туралы;

8) көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы;

9) құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгендері туралы;

10) заңды тұлғаның үлесіне тыйым салынғаны туралы анықтама беру болып табылады

6. Мемлекеттік қызмет барлық жеке және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) бір жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған күн және анықтаманы беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) құжаттарды тапсыру кезінде (мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш тапсыру кезінде) кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген жерінде көрсетілетін рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

Электронды сұрау салу кезінде алушыға қызмет көрсету мерзімі - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Орталықтың жұмыс кестесі:

1) орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.

2) порталда - тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету анықтама бюросы, күту креслолары, өтініштердің толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан, дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар қарастырылған орталық ғимаратының залында көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар:

1) орталықта:

- белгіленген нысандағы өтініш, онда ұсынылатын ақпарат түрі көрсетіледі.

- жеке басын куәландыратын құжатты;

- заңнамамен көзделген жағдайларда өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжатты ұсынады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде сақтаулы жеке тұлғаның жеке басын, тұрғылықты жерін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері туралы мәліметті орталық қызметкері уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ расталған мемлекеттік ақпараттық жүйесінен алады.

2) порталда:

- мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ расталған электронды құжат нысанындағы сұрау салу.

12. Бланкілері орталықтың күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе консультанттарда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz. интернет ресурсында болады.

Электронды мемлекеттік қызмет алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушы өз бетімен «электрондық үкімет» www.e.gov.kz порталында «Электронды қызмет» парақшасында жүзеге асырылады.

13. Орталықтарда мемлекеттік қызмет алу «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

Порталға жүгінген жағдайда электронды сұрау салуды жолдау өтініш берушінің «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде уәкілетті органның мекенжайына таңдап алынған қызмет түріне сәйкес жолданады.

14. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін мына мәліметтер:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;

2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің атын қамтитын, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы;

6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты, олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.

Порталға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының электронды мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы есеп-хабарлама жіберіледі.

15. Мемлекеттік қызмет алушыға анықтаманы беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады:

1) орталықта - осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол (алушының жеке өзі немесе сенімхат бойынша өкіл келуі).

2) порталда - мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне».

16. Уәкілетті органдар осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және олар тиісінше ресімделмеген кезде, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген жағдайларда кейін мемлекеттік қызмет алушыға беру үшін орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.

Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тұтынушы ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту кезінде орталық қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжатты көрсетіп, қолхат береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинеттен» алады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті органдар мен орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары:

1) заңдылық;

2) сыпайылық;

3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

5) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және уақытында орындау;

6) мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік қызмет алушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет алушы телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталық басшысына жүгінеді.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты (1414) call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша немесе осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Орталық көрсеткен қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органның басшысына немесе Комитетке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының немесе «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.

23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымға уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметті сапасыз ұсынғанын растайтын құжаттары қоса тіркеледі.

25. Шағымның қолма-қол, пошта арқылы уәкілетті органға қабылданғанын растау оның уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).

Мемлекеттік қызмет алушы қолма-қол жүгінген кезде оның шағымын қабылдаған адам, оны растап, байланыс деректерін көрсете отырып, номері, күні, қабылдаған адамның тегі көрсетілген талон береді.

Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа жүгінген кезде оның қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымының қабылданғанын растау оның орталықтың немесе «Орталық» РМК-ның кеңсесінде тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады ).

Мемлекеттік қызмет алушының шағымын қабылдаған адам, оны растап, байланыс деректерін көрсете отырып, нөмірі, күні, қабылдаған адамның тегі көрсетілген талон береді.

26. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.

«Орталық» РМК мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефондар: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.

 

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер

қорынан анықтама беру»

мемлекеттік қызмет стандартының

1-қосымшасы

 

 

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы

 

 

«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер

қорынан анықтама беру»

 мемлекеттік қызмет стандартының

2-қосымшасы

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары