Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығы
(2015.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.12.03. № 211 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.12.03. № 211 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 203 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4721 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған);
2) «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6301 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 4 тамызда № 314 (26157) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп есептелсін.