Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 204 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі (1-қосымша) бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Жансейітов) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының (2-қосымша) күші жойылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі А.А. Әубәкіровке жүктелсін.
| Министр | С. Баймағанбетов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Ж. Түймебаев
2010 жылғы 26 мамыр
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 11 мамырдағы
№ 204 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесі
1. Жалпы ереже