Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 501 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі және тіркеу есебінен алып тастау» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі, салық төлеушінің электрондық, цифрлық қолтаңбасын ауыстыру және жою» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдер мен мазуттың кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер, дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызмет стандарты;