«Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 Бұйрығы

Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 280 Бұйрығы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

С.З. Қайырбекова

2011 жылғы 25 мамыр

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2011 жылғы 16 мамырдағы

№ 280 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 52) тармақшасына сәйкес әзірленген және кеме иесінің теңіз кемелері экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.

2. Теңіз кемелері экипаждарын флот түріне қарамастан кеме иесі осы қағидаға қосымшаға сәйкес тамақ рационымен қамтамасыз етеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.