Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторинг саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 124 Бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 29 мамырдағы № 402 бұйрығымен 2018 ж. 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 бабының 31) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Гидрогеологиялық зерттеулерді (түсіру жұмыстары) және жер қойнауы мониторингі (жерасты сулары мониторингі) жүргізуге арналған уақыт нормалары;
2) Гидрогеологиялық жұмыстарды бағалаулар бекітілсін.
2. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне (Б. Өжкенов):
1) гидрогеологиялық зерттеулер (түсіру жұмыстары) және жер қойнауы мониторингі (жерасты сулары мониторингі) жүргізу жүмыстарына арналған уақыт нормасын белгіленген тәртіппен, еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келіссін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Г. Әбдіқалықова
2011 жылғы 06 мамыр
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілді
Гидрогеологиялық зерттеулерді (түсіру жұмыстары) және жер қойнауы мониторингі
(жерасты сулары мониторингі) жүргізуге арналған уақыт
нормалары
1. Жалпы бөлім