Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 Бұйрығы
(2011.16.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 aқпандағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Ғылым комитеті (Б.А.Қасымбеков):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, аяқталған тақырыптар мен іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 100 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 28 наурыздағы № 4593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.