«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығы (2026.01.09. берілген өзгерістермен)

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығы

(2026.01.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026.17.08. № 391 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» «Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген);

2) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.