«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 Бұйрығы (күші жойылды)

«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 Бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығымен күші жойылды

 

2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығына (№ 7014 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 301-302 (26696) «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 21 шілдедегі № 225 (26646) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесінде:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік тіркеуді «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы (бұдан әрі - «ҰҒТАО» АҚ) жүзеге асырады.

3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде - «ҰҒТАО» АҚ-ы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дэрежелерін алу үшін қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді»;

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейін жеті күнтізбелік күннің ішінде «ҰҒТАО» АҚ-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.