(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (PHD), БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОР ДӘРЕ...

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығы

 

Осы редакция 2026 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 35) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген);

2) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 бүйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 394 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.