«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011 - 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 266 Бұйрығы

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011 - 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 266 Бұйрығы

 

«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011 - 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011 - 2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес орналастырылсын.

2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

3) осы бұйрықты республикалық бюджеттен қаржыландырылатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарын білім алушылар контингентіне сәйкес уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

Б. Жұмағұлов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011жылғы 20 маусымдағы

№ 266 бұйрығына қосымша

 

 

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.