Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Шөкеев Өмірзақ Естайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
|
| Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, төрағаның орынбасары
|
| Жақсыбаев Бақыт Қалмырзаұлы
| - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы
|
| Кармазина Лена Мағауияқызы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
|
| Оразаев Марат Әбілахатұлы
| - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
|
| Рау Альберт Павлович
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
|
| Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы
| - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі
|
| Шоқпытов Андар Мәулешұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
|
| Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
|