Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 Қаулысы
(2014.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 728 Қаулысымен күші жойылды
«Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.