«Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 735 Қаулысы (күші жойылды)

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 735 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 793 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Түркістан қалалық және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттары мақұлдаған Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы бас жоспарының жобасы бекітілсін.

2. «Түркістан қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 22 қыркүйектегі № 414 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 30 маусымдағы

№ 735 қаулысымен

бекітілген

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының

Бас жоспары

 

 

Негізгі мақсаттар

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Бас жоспарын (бұдан былай - Бас жоспар) жасаудың негізгі мақсаттары қаланың аумақтық дамуының ұзақ мерзімді болашағы мен оның сәулет - жобалық құрылымын қалыптастыру; аумақтың функционалды - қала құрылысын аймақтандыру; жалпы қалалық тағайындалған қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және нысандарды орналастыру бойынша принципті шешімдер; көлік қызметін ұйымдастыру; инженерлік инфрақұрылымды дамыту; аумақты инженерлік қорғау; экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қала құрылысы іс-шараларын іске асыру болып табылады.

Түркістан қаласы Бас жоспарының жобасында келесі жобалық мерзімдер қабылданды:

бастапқы жылы - 2008 ж.;

бірінші кезекте - 2014 ж.;

есеп айырысу мерзімі - 2025. ж.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.