«Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 Қаулысы (2013.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 Қаулысы

(2013.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды

 

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2012.08.06. № 767 Қаулысымен қағидасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 2 шілдедегі

№ 759 қаулысымен

бекітілген

 

 

Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді, жолаушыларға темір жол вокзалдарында қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасында темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2013.05.12. № 1320 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар қолданылады:

1) қосымша қызметтер - темір жол вокзалдарында темір жол вокзалдарының класына байланысты халыққа ұсынылатын, жолаушылар тасымалдау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылмайтын қызметтер;

2) қызметтерді жеткізуші - темір жол вокзалының иесімен жасалған шарттар негізінде темір жол вокзалында жолаушыларға (халыққа) қызмет көрсететін тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.