Теміржол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 605-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) темір жол вокзалының класы - орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты айқындалған теміржол вокзалының мәртебесі;»;
4 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Теміржол вокзалдары орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлеміне, жолаушылар ағыны мен техникалық жабдықталуына байланысты кластарға бөлінеді. Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың кластарына сәйкес теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесіне сәйкес уәкілетті орган бекітеді.»;
«6. Теміржол вокзалының билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлары, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары, соның ішінде мүгедектер мен тұрғындардың ұтқырлығы жоқ топтарына арнайы әлеуметтік жабдықталған үй-жайлары, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (соның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті күзету пункті болуға тиіс.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: