«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-ІV Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

25) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

27) 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері

Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар:

1) тарихи отанына оралу мақсатында;

2) отбасын біріктіру мақсатында;

3) білім алу мақсатында;

4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;

5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасындағы жағдайын реттеу, сондай-ақ олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) көші-қон процестерін реттеу жəне заңсыз көші-қонға қарсы күрес;

3) көшіп-қонушылардың қазақстандық қоғамға интеграциялануы үшін жағдайлар жасау;

4) көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын қорғау жəне еңбекпен қанауға қарсы күрес.

2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) өңірлердің демографиялық жəне əлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастардың ұтымды түрде қоныстандырылуын ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту;

3) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғау;

4) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына интеграциялануын қамтамасыз ету;

5) халықтың жаппай көші-қонына алып келуі мүмкін жанжалдардың алдын алу жəне оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту;

6) ішкі көші-қон ағындарын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағы бойынша ұтымды түрде қоныстандырылуын қамтамасыз ету;

7) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен жəне этностық қазақтармен, оның ішінде мəдени ынтымақтастық жəне ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау жəне дамыту;

8) этностық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жəрдемдесу;

9) көші-қон процестерін реттеу, заңсыз көшіп келудің алдын алу жəне жолын кесу саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану жəне оларға кепілдік беру;

2) ұлттық мүдделерді қорғау жəне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыру;

4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы жəне бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығы;

5) мемлекеттің көшіп келудің əрқилы түрлерін реттеуге сараланған тəсілі.

 

5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері

1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:

1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға;

3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға;

5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге;

6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін қандастарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.

2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:

1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін ұсынады;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

4) көшіп келушінің эталондық дерекқорында көшіп келушінің цифрлық профилін қалыптастыру және жаңартып отыру үшін жеке басты сәйкестендіру және (немесе) аутентификациялау процесінен өтеді.

 

6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.

Еңбек қызметін жүзеге асыруды қоса алғанда, «Астана Хаб» дербес кластерлік қорында және «Астана Хаб» қатысушыларында қызметін жүзеге асыру үшін көшіп келушілердің келу, кету және болу ерекшеліктері «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді.

Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді.

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушінің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен, жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күндік әрбір кезең ішінде тоқсан күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар визаларды не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алған көшіп келушілерге қолданылмайды.

Визасы немесе уақытша тұруға арналған рұқсаты бар көшіп келушілер олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасынан кетуге не болу мерзімі аяқталғанға дейін оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті.

Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5. Қазақстан Республикасына күнтізбелік отыз күннен артық мерзімге келетін көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін күнтізбелік отызыншы күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.

Көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген мекенжай өзгерген кезде көшіп келуші бес жұмыс күні ішінде жаңа болатын мекенжайы бойынша тіркелуге міндетті;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

6. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органымен келісу бойынша береді.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

 

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-1-бап өзгертілді

6-1-бап. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға арналған рұқсатты алу

Уақытша тұруға арналған рұқсат:

1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушыларды алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша - жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

Бұл ретте көшіп келушіге уақытша тұруға рұқсатты немесе визаны ресімдеу кезінде қабылдаушы тарап көрсеткен уақытша болатын (тұратын) жерінен басқа жерде, сондай-ақ көшіп келушіні тіркеу кезінде мәлімделген жерден басқа жерде тұруға тыйым салынады.

 

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)  

6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат

1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерде және тәртіппен ақы алынады.

2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына жіберіледі.

3. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторы болуы мүмкін.

4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету:

1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны құру мен дамытуды;

2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оны сүйемелдеуді;

3) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформада деректердің сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды.

5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түсетін қаражат тең үлестермен (елу пайыздан):

1) адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйені және оның құрамдастарын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны техникалық сүйемелдеуге, дамытуға, жаңғыртуға; адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйенің және оның құрамдастарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, перифериялық жабдығын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны жаңғыртуға және дамытуға;

2) ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес туризмді дамытуға бөлінеді.

6. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түскен қаражаттың түсу, оны бөлу, мониторингтеу, ол бойынша есеп беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған визамен, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтінішхаты бойынша берілген инвесторлық көпреттік визамен, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес берілген визамен Қазақстан Республикасында уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен визасыз келу және болу тәртібі туралы келісімдер жасасқан мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесіне ие шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ этностық қазақтар өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін ішкі істер органдарына жүгінеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға арналған рұқсатты алу үшін жүгінген көшіп келушілерге өтінішхатты қарауға қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге виза не уақытша тұруға арналған рұқсат ресімделеді.

Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.

 

8-1-бап. 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

Ішкі істер органдары:

1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілердің жұмыс істеу, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын бекітеді;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі, сондай-ақ осы Заңның 48-бабында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде шетел азаматтарына Қазақстан Республикасына кіруге шақырулар беруден бас тартады;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2) Қазақстан Республикасына келуді жоспарлап отырған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге электрондық рұқсат береді, оның күшін жояды не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды жүзеге асырады;

2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды

5-1) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;

5-3) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;

6-2) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-3) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-4) көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды;

7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7-2) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласында ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;

9) 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;

11) 2024.16.05. № 82-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 28 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөнінде шешім қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-1) халықты тіркеу тәртібін айқындайды;

14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді

15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, оның ішінде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес астананың жергілікті өкілді органы бекітетін астана аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу нормативтерін ескере отырып, астанада уақытша болатын (тұратын) жерге келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді, сондай-ақ есепке қоюды жүзеге асырады;

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;

16-1) 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)