Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегi № 677 бұйрығы
(2025.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 13-1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Халықты тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Халықты тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.