(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;

2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:

осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;

8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;

10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегінде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;

11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;

15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;

18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

19) мемлекеттік тіркеуге жататын және меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;

21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;

25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.

 

156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар

1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:

1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;

3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;

5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

7) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлғаның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табысының бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынатын дивидендтерге ғана қолданылады;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге берілетін, құқық қорғау органдарының белгіленген тәртіппен арнаулы атақ берілген қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) әскери, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

10) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

11) егер осы тармақтың 11-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады)  

11-1) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

13) мыналардың:

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;

I, II, III топтардағы мүгедектердiң;

мүгедек баланың;

«мүгедек бала» деген санаты бар адам он сегiз жасқа толғанға дейiн - мұндай адамның ата-анасының бiрiнiң;

«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына - оның ата-анасының бiрiнiң республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;

14) 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар.

Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;

16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

17) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

18) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

20) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

22) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның біліктілігiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде осы қызметкердiң қызметтiк iссапарын ресiмдемей жасалған жұмыс берушiнiң шығыстары:

оқытуға, оның біліктілігiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстары мөлшерiнде;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;

оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктіліктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстары жатады;

жұмыс беруші:

қызметкердің Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

қызметкердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

24-1) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатында басқа жерге жiберген кезде жұмыс берушiнiң осы қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау үшiн төлеуге нақты жұмсаған шығыстары;

25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

27) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;

28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

29) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;

30) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

31) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;

32) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

35) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 40) тармақшамен толықтырылды

40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес білім беру ұйымының резидент шетелдiк тұлғаға қатысты осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша оның Қазақстан Республикасындағы қызметiне байланысты iс жүзiнде мынадай:

тұруға;

медициналық сақтандыруға;

Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түріндегі материалдық пайда.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мүгедек баланы, І, ІІ және ІІІ топтардағы мүгедектерді салық салудан босату мүгедектік белгіленген айдан басталған кезең ішінде алынған табыстар бойынша беріледі.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:

жеке тұлғаның осы бапта белгiленген шектерде осындай түзетудiң сомасын көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулердi қолдануға өтiнiшiнiң;

растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 157-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.