«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 42/420-IV Шешімі

«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 26 шілдедегі № 42/420-IV Шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2042-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 195-нөмірінде 2010 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшада:

«259 092 642» деген цифрлар «259 539 921» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«13 575 634» деген цифрлар «13 952 212» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«245 086 319» деген цифрлар «245 157 020» деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) тармақшада «258 058 974» деген цифрлар «258 506 253» деген цифрлармен ауыстырылсын;

2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2011 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

Шымкент және Кентау қалаларынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;

Шымкент қаласының бюджетіне - 65,5 пайыз;

Кентау қаласының бюджетіне - 100 пайыз;

облыстық бюджетке:

Шымкент және Кентау қалаларынан басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалық) 50 пайыз;

Шымкент қаласынан - 34,5 пайыз болып белгіленсін.»;

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы

 

К. Жартыбаев

 

Облыстық мәслихат хатшысы

Ә. Досболов

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2011 жылғы 26 шілдесіндегі № 42/420-IV

шешіміне қосымша

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.