Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 Қаулысы
(2011.30.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 95 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: Мемлекеттің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешу үшін құқықтық инфрақұрылымды жаңғырту және қамтамасыз ету.
Пайымдауы: Тиімді құқықтық қорғаумен, сондай-ақ құқықтық мемлекеттің стандарттары мен қағидаттарына сәйкес мемлекеттік және заңгерлік қызметтермен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Әділет министрлігі) іске асырылуы елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді тиісінше құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзара байланысты емес қызметтердің ауқымды спектрін орындайды.
Өткен жылдар Әділет министрлігі үшін алға қойылған барлық міндеттерді орындап, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген кезең болды.
Осы 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда Әділет министрлігінің алдында алты негізгі бағыт айқындалды.
1. Заңнаманы жетілдіру, сапалы норма шығару қызметі.