(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.12 № 2223 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 Қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

2) «Запастағы сарбаздарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

3) «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

4) «Жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюшыларға, интернационалист-жауынгерлерге) анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;

5) «Адамдарға әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 2223 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару»

мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару» стандарты (бұдан әрі - Стандарт) әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адам ресурстарының сандық және сапалық құрамын айқындау мақсатында елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды тиімді пайдалану мақсатында, запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару тәртібін белгілейді.

Уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын  әскери есепке алу олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген соң жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 16-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ереженің 61 - 71-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 9-тармағы 19) тармақшасының, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО мен Орталықтардың тізбесі осы Стандартқа 2, 3-қосымшаларда көрсетілген.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны әскери билетте немесе уақытша куәлікте (әскери билеттің орнына) әскери есепке қабылдау/есептен шығару туралы (таңба) белгі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мыналарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатқызылған азаматтардың барлық санаттарына көрсетіледі:

1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;

2) әскери міндетті атқарудан босатылғандар;

3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеушілер;

4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратындар.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі өтініш берушінің ЖӘБО-ға — өтініш білдірген сәтінен бастап 10 минут;

2) қажетті құжаттарды өткізген кезде кезектегі күту уақыты — 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретіндегі күту өтініш берушінің - өтініш білдірген сәтінен бастап 10 минут;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

1) құжаттарды ресімдеу мерзімі қажетті құжаттар ЖӘБО-ға түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезектегі күтудің рұқсат етілген шекті уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алу кезінде кезектегі күтудің рұқсат етілген шекті уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО мен Орталықтардың үй-жайларындағы қабырғаларда орнатылған стенділерде орналастырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мыналарға ұсынылады:

ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде:

аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.

Қабылдау кезектілік тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

Орталыққа өтініш білдірген кезде:

түскі үзіліссіз жексенбіні қоспағанда, аптасына алты күн сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін кесте 1 сағаттық түскі үзіліспен 9.00-ден 19.00-ге дейін кесте белгіленеді.

Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жылдамдатылған қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету өтініш берушілердің тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, тосып отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған.

Мемлекеттік қызмет сонымен бірге өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

12. Өтініш берушілер әскери есепке алу және одан шығару үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

ЖӘБО-да:

1) әскери есепке қою үшін:

жеке куәлігінің түпнұсқасы;

бұрынғы әскери есепте тұрған жерінен әскери есептен шығарылғандығы туралы белгімен әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына);

жүргізушінің куәлігі (ол бар болған кезде);

2) әскери есептен шығару үшін:

белгіленген үлгідегі арыз;

әскери билет және куәліктің көшірмесі (әскери билеттің орнына);

Орталықта:

1) әскери есепке қою үшін:

жеке куәлігінің түпнұсқасы;

бұрынғы әскери есепте тұрған жерінен әскери есептен шығарылғандығы туралы белгімен әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына);

жүргізушінің куәлігі (ол бар болған кезде);

2) әскери есептен шығару үшін:

белгіленген үлгідегі арыз;

әскери билет және куәліктің көшірмесі (әскери билеттің орнына);

Орталықта қосымша: жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке басы куәлігінің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырылғаннан кейін қайтарылады), сондай-ақ өтініш бланкісінде жүргізуші куәлігі (ол бар болған кезде) қосымша көрсетіледі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан босатылғандар әскери бөлімнен босатылғаны туралы ұйғарымды ұсынады.

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталықтың қызметкері көшірменің түпнұсқалылығын салыстырады және түпнұсқаны өтініш берушілерге қайтарады;

2) әскери есептен шығару үшін:

белгіленген үлгідегі өтініш;

әскери билет және куәліктің көшірмесі (әскери билеттің орнына);

Орталықта қосымша: жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстыру үшін жеке басы куәлігінің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырылғаннан кейін қайтарылады), сондай-ақ өтініш бланкісінде жүргізуші куәлігі (ол бар болған кезде) қосымша көрсетіледі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан босатылғандар әскери бөлімнен босатылғаны туралы ұйғарымды ұсынады.

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталықтың қызметкері көшірмелердің түпнұсқалылығын түпнұсқамен салыстырады және түпнұсқаны өтініш берушілерге қайтарады.

13. ЖӘБО-да әскери есепке қою және шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не ЖӘБО қызметкерлерінде болады.

Орталықта әскери есепке қою және одан шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтардың кеңесшілерінде болады.

14. ЖӘБО-да құжаттар қабылдау «терезелердің» мақсаты мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.

ЖӘБО құжаттар қабылдау кезінде алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, әліпбилік карта толтырады (әскери есепке алу кезінде) немесе картотекадағы әліпбилік картаны табады (әскери есептен шығару кезінде), әскери билетте немесе уақытша куәлікте (әскери билеттің орнына) әскери есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі (мөртабан) қояды және өтініш берушіге береді.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Орталық инспекторы құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкес толықтығын, журналда тіркелгенін және құжаттардың жинақтау бөлімінің инспекторына берілгенін тексереді.

Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және ЖӘБО-ға жөнелтуді жүзеге асырады.

Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері әкелуді өтініштер қабылданған күні Орталық кемінде 2 рет жүзеге асырады.

Орталықтан құжаттар алынғаннан кейін ЖӘБО алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, әліпбилік карта толтырады (әскери есепке қабылдау кезінде) немесе картотекадағы әліпбилік картаны табады (әскери есептен шығару кезінде), әскери билетте немесе уақытша куәлікте (әскери билеттің орнына) әскери есепке қабылдау немесе есептен шығару туралы белгі (мөртабан) қойылады, орындалған құжаттардың тізілімі жасалады және өтініш берушіге беру үшін Орталыққа жолданады.

Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органдардан қолхатта көрсетілген беру мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда Орталыққа келіп түсуі тиіс.

15. ЖӘБО қабылданған құжаттар туралы растама бермейді.

Өтініш жасаған сәтте өтініш берушіге мыналарды көрсетумен әскери билетке немесе уақытша куәлікке (әскери билеттің орнына) әскери есепке қабылдау немесе шығару туралы белгі (мөртабан) қойылады:

1) күні және ЖӘБО-ның атауы;

2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің қолы.

Құжаттар Орталық арқылы қабылданған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсетумен тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) құжаттардың нөмірлері мен қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары;

4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі.

16. Өтініш берушіге өзі келген кезде «терезе» арқылы ЖӘБО қызметкерінің әскери есепке қабылдағаны немесе одан шығарғаны туралы белгімен әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) қолына беріледі.

Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді «терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхаттың негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады.

17. Құжаттарда қате (түзетулер, өшірулер) анықталған кезде  және өтініш беруші әскери есепке қабылдау және одан шығару мерзімдерін бұза отырып, өтініш берген жағдайларда ЖӘБО қызметкері әскери есепке қабылдаудан немесе одан шығарудан бас тарту себебін өтініш берушіге ауызша жеткізеді және өтініш берушіні құжаттарымен заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін ЖӘБО бастығына жібереді.

Орталықтан келіп түскен құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған кезде, не осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған кезде ЖӘБО құжаттар алынғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен оларды Орталыққа қайтарады.

Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық оларды алғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде өтініш берушіге хабарлайды және қайтару себебі туралы уәкілетті органның жазбаша негіздемесін береді.

Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

18. ЖӘБО және Орталық қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

адамның конституциялық құқықтарын және еркіндіктерін сақтау;

қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

сыпайылық;

пәрменді және толық ақпарат беру;

ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

19. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Олар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша түрде почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы Орталық ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58.

ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменті атынан департамент бастығының заң жұмысы жөніндегі көмекшілері (заң кеңесшілері) болып табылады. ЖӘБО мекен-жайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

22. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша талап-арыз жағдайында шағымдану ЖӘБО бастығы атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады.

Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық директорының атына беріледі. Орталықтың мекен-жайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген.

23. Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады.

Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн.

Осы шағымдануды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да білуге болады.

Орталықта келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

Шағымдануды қарау нәтижелері туралы өтініш иесі почта арқылы жазбаша түрде хабардар етіледі.

 

 

6. Байланыс ақпараты

 

24. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.

Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі.

Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген.

25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, еркін экономикалық аймақ, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.

ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

 

«Запастағы офицерлерді әскери есепке

алу және шығару» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

1-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

 

 

«Запастағы офицерлерді әскери есепке

алу және шығару» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

2-қосымша

 

 

«Запастағы офицерлерді әскери есепке

алу және шығару» мемлекеттік

қызмет көрсету стандартына

3-қосымша