«Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 921 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.