«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 2-қосымша) (2012.12.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.12.12. № 468-ө-м бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2011 жылғы 13 сәуірдегі

№ 127-ө бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 (2012.12.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

2) зейнетақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам;

4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

5) орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;

6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері - уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.