Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 264 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабы 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 264 «Жекеше нотариустарды есептік тіркеу туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 ж., № 17-20, 919-құжат жарияланған) бұйрықтың күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.