Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 184 Бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Тұрғанбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.